Елдіктің басты символдарының бірі мемлекеттік рәміздер. Көгінде күн күлімдеп, қыран қалықтаған көк байрақ – әлем таныған абыройымыз. Ал, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қосыла шырқайтын әнұран халық рухын айшықтайтын қуатты күш. Елдік пен теңдік нышандарының құрметіне Тараз төрінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.