Енді Жамбылда агроном мамандар даярланады. Өйткені өңірде талапкерлер тарапынан диқаншылық пен ауыл шаруашылығының агрономия бағытына сұраныс артып отыр. Жаңа мамандық бойынша биыл №10 Шу колледжі студенттер қабылдай бастайды. Орта оқу орны биыл 9–11-сыныпты аяқтаған 50 түлектің барлығына грант тағайындайды.