Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов бокстан Азия чемпиондары мен олардың бапкерлерін, сондай-ақ күні кеше Республикалық «Жұлдызай» фестивалінде бас жүлде алған Інжу Тілеужанды қабылдады. Олардың спорттағы және өнердегі жетістіктерімен құттықтап, арнайы марапаттады.