Мектептер жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады. Бүгін білім мекемелерінде ашылу салтанаты өтіп, жүздеген бала сабаққа емес, каникулды қызықты өткізу үшін мектептерге ағылды. Олардың өздерінің сүйген ісімен айналысуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Демалушылар мұнда демалып қоймай, көрікті жерлерге саяхат жасайды, еңбекке де араласады.