1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай Меркі ауданында «Бақытты бала – бақытты ел» атты іс- шара өтті. Мерекелік алаң түрлі-түсті шарлар және гүлдермен безендіріліп, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады. Шараға аудан әкімі, облыстың ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандары және ата- аналар қатысты.