Биыл оңтүстікте көктем қысқа болып, күн күрт ысып кетті. Салдарынан Жамбыл облысында шегірткелер ерте шығып, шаруалар алаңдап отыр. Жан жақты жайпап кетпесі үшін мамандар дәрілеу жұмыстарын жылдағыдан ерте бастады. Тұрар Рысқұлов ауданында зиянкестермен күрес қарқынды жүруде.