Тарихта алғаш рет «Diamond Challenge» халықаралық байқауында Жамбылдық оқушылар финалға шығып, еліміздің мәртебесін көтерді. Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аймер Кошмамбетов пен оның “ASAR” командасы 20 үздік инновациялық жобаның қатарына кірді. Бүгін алыс жолдан келген үздіктерді олардың ата-аналары мен жетекшілері күтіп алды.