Отан қорғаушылар күніне орай Меркі аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Ерлік пен елдік ұғымын қатар ұстанған бұл айтулы күнде аудан тұрғындары, әскери қызметшілер мен арнайы шақырылған қонақтар басқосты. Мерекелік іс-шара ел қорғаны – сарбаздар мен әскери салада қызмет етіп жүрген азаматтарға деген ерекше құрмет көрсетілді.