1970 жылы 28-қаңтарында Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Бостандық ауылындағы Алғабас орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1990 жылы өз ауылында мәдениет үйінде кассирліктен бастаған. Тараз Мемлекеттік колледжінде орта білім алып, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде кітапханашы мамандығы бойынша жоғары білім алып бітіріп шыққан. Ал, 1992 жылдан бастап "Jambyl" телеарнасында режиссердің ассистенті, бейнетаспа құрастырушы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап режиссер, ал кейінірек аға режиссер қызметін атқарып келеді. Әр жылдары ҚР Президентінің алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен және «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының 2015- 2019 жылғы жұмыс қорытындысымен корпорация дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатымен және 2019 жылы "Jambyl" телеарнасының 30 жылдық мерейтойы медальмен марапатталған. 2021 жылдың 16 желтоқсанында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен құрметтелді.