Дауренов Дүйсебай Молдашұлы, 1977 жылы 21-ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. 1984 жылы осы аудандағы Сәкен Сейфуллин орта мектебіне барып, Тараз қаласындағы Жамбыл орта мектебін бітірді. 1995-1997 жылдар Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикасының колледжін аяқтады. 1997-1999 жылдары әскер қатарында болды. 2001 жылы Қ. А. Яссауи университетінің Тараз институтына түсіп, 2006 жылы аяқтады. 2004 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор қызметін атқарады. 2013 жылдың 17 қыркүйегінен бастап шеф-редактор қызметін атқарады.