1986 жылдың 12-қыркүйегі күні Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барып, 2004 жылы оны бітіріп шыққан. 
2004 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінің Халықарарлық қатынастар факультеті, Журналистика бөліміне оқуға түсіп, оны 2008 жылы үздік тәмамдаған. 
2008- 2009 жылдары Астана қаласы, Алматы аудандық №1- ші Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының дайын құжаттар бөлімінің инспекторы.
2009-жылдың 17-тамызынан бастап, «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор, редактор- жүргізуші қызметін атқарды. 
2016-2017 жылдары «Тараз» футбол клубының баспасөз хатшысы.
2019- сәуір- маусым айларында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникация қызметінің» басшысы қызметін атқарды. 
2021 жылдың 7 шілдесінен бастап, бүгінгі күнге дейін облыстық "JAMBYL" телеарнасы директорының орынбасары - Бас редактор қызметін атқарады. 
2023 жылдың 1 желтоқсанынан ҚР Президенті телерадио кешені «Жібек Жолы» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі. 
Отбасылы, 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр. 
Әр жылдары ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің Алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, "Аманат" партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының 2015- 2019 жылғы жұмыс қорытындысымен корпорация дамуына қосқан үлесі үшын алғыс хатын алған. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. ҚР Ақпарат саласының үздігі. Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі. 
Ғылым, Білім, Елтаным бағытында жазған жүздеген материалдары республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарияланған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде де мыңдаған танымдық мақалалар жарыққа шыққан.