Қазақ өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімұлы– 80 жаста. Туған жерге табан тіреген мерейтой иесінжерлестері қошеметпен қарсы алды. Сексеннің сеңгіріне келген шағында туған жерге туын тіккен аңыз, абыз тұлғаның құрметіне Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мерекелік кеш өтті. Сондай-ақ, Жамбылдық зиялы қауым өкілдері тірісінде аңызға айналған атпал азаматпен «Руханият» орталығындабас қосты. Мұнан соң, кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімұлы Жамбыл облыстық сотының қызметкерлерімен кездесті.
Ия, өмірі өнерімен өрілген тарланын Жамбылдықтар құрметпен қарсы алды.
30 дан астам киноға түсіп, қазақ өнерін әлемге әйгілеген Асанәлі Әшімов – бір өзі бір дәуір өнерінің бірегей тұлғасы, алаштың ардақтысы. Ұлы дала ұлағатына лайық өнерімен, барша көрерменнің көңілінен шыққан дара таланттың кешіне келген халықтың қарасы қалың болды.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, театр іші лық толы, бос орын жоқ. Жамбылдық жұртшылық өзінен шыққан таланттың мерейтойына арнайы «Қазақфильм» киностудиясы түсырген «сыр тұнған Айсберг» деректі фильмін тамашалауда. Бұл фильмнен, өмірдің сан түрлі сынағы мен қиындығына қарамай, нар тұлғалы қалпын сақтап қалған аңыз адамның шын бейнесін көреміз.
Мерекелік кеште би де биленді, ән де шырқалды. Көрермен назарына қазақ және орыс драма театрының актерлері сахналандырылған көрініс ұсынды. Актердің театр сахнасында сомдаған кейіпкерлері бұл. Бекежан, Шәдияров, Юлий Цезарь, Қасымханов тағысын тағы. Өздерін көпшілікке танытқан тұлғаларына алғыстарын айтты. Орталарына алдырды. Сахна төрінен орын берді. Туған жерге тағзым ете келген өнер саңлағын облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Туған жері Әулиеата өңіріне табан тіреген қазақстандық киножұлдыз Асанәлі Әшімұлы «Руханият» орталығында жамбылдық зиялы қауым өкілдерімен бас қосты.Мұнда орталықтың тыныс –тіршілігі таныстырылып, ондағы көрмеге қойылған құнды дүниелер көрсетілді. Орталық қызметкерлері естелікке қолтаңбасын қалдыруды өтінді.
Асанәлі Әшімов сомдаған әр образ қашанда сәтті шығады. Өйткені, көптеген сахналық қойылымдар мен кино әлемінде көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Жақында Елбасының қабылдауында болған өнер қайраткеріңе Президент өз қолымен «Алтын жұлдыз» төс белгісін табыс еткен болатын. Жиналғандар осы ерекше марапатымен және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтады. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» деген мақалды қаперге алғанАсанәлі атамыз, бұл менің жеке жеңісім емес, бұл- менің өмірде де, өнерде де бірге жүрген достарымның, үзеңгілестерімнің де үлесі – деп ағынан жарылды. Әрі туған елге әр келген сайын жүрегімде үлкен толғаныс, тебіреніс болады – деді ол.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі
Халық деген ұлы дүние бар, жеке-жеке алғанда ештеңе емес, бірақ бәрі біріккен кезде «Ұлы халық». Сондықтан, елге келіп қуанып жатырмыз. Ертең кіндік қаным тамған жерге барамыз. Ол жаққа барарда бер жақтағы төбенің үстіне шыға бергенде, жүрегім дірілдеп, лүпілдейді. Тек бүгін емес, үнемі солай.Әркімге өзінің туған жері ыстық. Құмды, шаңды жер болғанмен, маған Швейцариянан артық
Орталыққа жиналған зиялы қауым өкілдері де Асанәлі Әшімұлына өздерінің ыстық ықыласы мен шынайы лебізін білдіруге асықты. Әр қазақ ол кісіні мақтаса да, ол кісімен мақтанса да жарасады. Театр және кино саласынан ойып тұрып орын алған, мәңгілік қолтаңбасын қалдырған актердің еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі, өшпес өнеге.
Елен Әлімжан, жазушы-драматург
«Атаманның ақыры» мен «Транссібір экспрес»-тің болмас «Қыз Жібектің» әлемнің төрт бұрышын шарлауы және Бекежанның өлін ойнап халыққа сүйкімді болу, ол оңай нәрсе емес. Міне, осындай қиындықтарды шешу деген кез келген актердің қолынан келмейтін нәрсе
Кино және театр әртісі бұдан соң облыстық сот қызметкерлерімен кездесті. Басқосу «Сыр тұнған Айсберг» атты деректі фильмнің көрсетілімінен басталды. Мұнан соң көпшіліктің ыстық ықыласымен сахнаға көтерілген Асанәлі Әшімов жамбылдық қауымға ризашылығын білдіріп, өмір туралы, өнер туралы ішкі толғамдарымен бөлісті. Жүріп өткен жолы мен, осы уақытқа дейін сомдаған әр кейіпкерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Ғибратты әңгімелер айтылды. Аз ғана уақытқа созылған творчестволық кездесу, көрермен жадында ұзақ сақталатыны анық.
Қалыкүл Жасұзаққызы, сот ісінің ардагері
Ол Асанәлінің өмірі, өнерде көрсеткен барлық спектакльдері біздің кейінгі жастарымызға үлгі болады деп есептеймін. Бүгінгі кездесу мен үшін ерекше, құрметті. Біздің сот саласының жастары да өнердің өмір екенін біле жүргендері жөн деп ойлаймын
Иә, расында да көзі тірісінде аңызға айналған Асанәлі Әшімұлының бар ғұмыры өнерге арналды. Өнер өлімнен құтқарды, өнер өкініш пен өксіктен сақтады. Бүгінде абыз қарт абырой мен атақтың асқар биігінде. Көрсетіліп жатқан құрмет те шексіз, шапағат та шектеусіз. Басқосу барысында сала мамандары сұрақтар қойып, өткен күндердің естеліктерін еске түсірді.
Сіз өзіңізді көбірек жақсы көресіз бе, жоқ, өзіңіздегі өнерді ме?
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі
Екеуін де жақсы көрем...
Кездесу соңында Жамбыл облыстық сотының ұжымы қазақ киносының «қара нарын» мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Өз кезегінде өнер майталманы сот саласының қызметкерлеріне белгілі қаламгер Қали Сәрсенбайдың өзі туралы жазған шығармасы «Абыз-аңыз» деп аталатын жаңа кітабын сыйлады.
Бекжан Сабыржан, Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ибраев, «Жаңалықтар қызметі»