«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға негізделген. Осы бағдарлама аясында Жамбыл ауданында 2011-2016 жылдар аралығында жалпы соммасы 996 млн 781 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыссыз 367 азаматқа несие берілген. Несие алған жандардың қазіргі тірішілігімен танысып қайтқан тілшіміздің бейнематериалынан.

Қазбек Аташев негізінен мал шаруашылығымен айналысатын қарапайым ауыл тұрғыны.  Ата кәсіпті одан әрі дамыту мақсатында, 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты арқылы 5 млн  теңге несие алған. Қазір шаруаның қора-жайында 20-ға  жуық жылқы байланып, бірнеше бие сауылуда.

Қазбек Аташев, шаруа

/ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 5 млн теңге несие алдым. Қыста жылқыларды байлап ет сатам, жазда бие сауып саумал, қымыз сатам.Құдайға шүкір жақсы/

Шаруа малдың бабын тауып жақсы күтсе ғана мал өсіп көбейеді дейді. Сондықтанда да кәсіпкер жылқыларға ерекше күтім жасап, уақытылы жем-шөптерін салып отырады. Нәтижесі жаман емес. Қазір биелердің басым көпшілігі төлдеп, сүті сауылуда. Ауданда осы шаруа сияқты биыл да   несие алып мал шаруашылығымен айналысамын деген халықтың саны  көп дейді жауапты мамандар.

Асқар Жанқоразов, Жамбыл аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы

/2016жылға 445-426млн 280 млн ақша бөлінген болатын.Оның ішінде 96 азамат 3 млн-нан несие алды. Биылғы жылы 34 азаматқа 226 млн несие қарастырылып, берілу үсінде./

Осылайша Жамбыл ауданының тұрғындары  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы  бойынша жеңілдетілген несие алып, тұрмыстарын түзеуде  

 

Гүлзат Сейдуллақызы, Сапар Серікұлы «Жаңалықтар қызметі» Жамбыл ауданынан.