Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толды. 1939 – жылы қысталаң заманда құрылған облыста небәрі 300 мыңдай ғана халық болған екен.
85 жыл өтті. Өңір өсті, өркендеді. Халқының саны да 1 млн 250 мыңнан асты. Жаңатас, Қаратау сияқты қалалар бой көтеріп Республикаға танымал болды. Ал, негізінен жер үйлерден тұратын Таразда 60 - жылдары алғашқы шағын ауданның құрылысы басталған болатны. Қазір көне шаһардағы ықшам аудандар саны 16ға жетіп отыр.