Жамбыл облысында 250 мыңнан астам жас бар. Әулиеатада жыл сайын сол жас буын өкілдері арасында жұмыссыздық көрсеткіші ұлғайып келеді. Жоғарғы оқу орындарында мыңдаған студент диплом алып жас маман атануда. Ал ол мамандарға есігін айқара ашып тұрған жұмыс орны бар ма?

Жұмысқа кірейін десе тәжірибе талап етеді, тәжірибе жинайын десе жұмысқа алмайды. Бұл бүгінгі жас мамандардың басауруына айналған. Осы ретте бұл күрмеудің шешімін табу үшін жауаптылар жаңа жобалар ойлап тауып жатыр. Ал тиімді нәтиже көрсетіп жатқан іс-шаралар да жетерлік. Соның бірі бүгін облыс орталығында жас мамандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.