Басқармалардың қорытынды есептері әлі де жалғасуда. Бүгін облыстық сәулет құрылыс бақылау басқармасының басышысының есебі тыңдалды. Аймақтағы әр нысанның жобасынан хабар берген Айтқазы Қарабалаев өткен жылдың тындырымды тірліктерін айтты, жоспарды да мәлімдеді. Биыл, бірнеше мекеменің құрылысының бас жоспарына өзгертулер болатындығы, шешім толықтай қаралғанын да атап өтті.