Құлақтың жауы – құлаққап. Мамандар Қазақстан бойынша миллионға жуық адамның есту қабілеті нашарлағанын айтады. Әлбетте, қартаю, тұқым қуалау деген себептер бар, дегенмен екінің бірі қолданатаны құлақққаптың зардабы орасан болып отыр.
Себебі, құлаққаптар түрлі радиациялық сигналдар таратады екен. Ал, соңғы кездері сұранысқа ие болып отырған сымсыз яки, вакумды гаджеттер тіптен зиянды.
Құлаққаптың зардабы туралы Аян Ермекұлынан шағын зерттеу.
Жер серігі ай секілді бір-бірінен ажырамас телефон мен құлаққапты қазір барлық адам төлқұжаттарымен қатар қолында ұстайды. Өйткені ұялы телефонмен оның гаджеттері тұтынушыға молынан қолайлылық жасап берері анық. Мәселен Тараздық тұрғын Аян Кемел. Көңілге түрлі ой салатын аудиокітаптарды тыңдағанды жақсы көремін дейді. мақсаты айналадағы адамдарға кедергі жасамау.
Аян КЕМЕЛ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Елімізде 18 млндай халық, 36 млн тел абоненті бар. Ал, телефон ұстайтындардың дені құлаққапты жанынан бір елі тастамайды.
19 ғасырда Ұлыбританияда пайда болған бұл гаджет өте ыңғайлы құрал болғанымен соңғы жылдары соның салдарынан құлақ мүкістігіне шалдығып жатқан жастар көп. Өйткені олар қазір сымсыз не вакуумды құлаққаптарды жиі қолданады. Ал, ол құлақты түгел бітеп, есту барабанына жақын орналасқандықтан сигналды тікелей таратады. Айта кетейік дыбыс сигналы 60 минуттан асса, құлақтағы бұлшықет есту мүшесін қорғай алмайды екен. Нәтижесінде жүйкеге зақым келіп, адам құлақ мүкістігіне шалдығуы мүмкін.
Әйгерім НӘБИЕВА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Сондықтан мамандар әр 6 айда дәрігерге қаралып тұру керек екенін айтады. Өйткені құрылғыны үздіксіз қолданудан арылмасаңыз 5 жылдың ішінде ән тыңдауға арналған құлаққапты естімейтіндерге арналған гаджет алмастыруы ықтимал.
Міне, менің өміріме сәл болмағанда қауіп төнейін деп қалды. Өмірде дәл осындай құлаққаптар мен гаджеттер арқылы түрлі қауіпті оқиғалар орын алып жатқаны белгілі. Дегенмен, осындай жайтқа тап болып қалуын біле тұра мына құрылғылардан қол үзу, жастар үшін қиынның қиыны-ақ. Құлақтан кіріп бойды алатын, әсем ән мен тәтті күйді тек шаршағанда аз уақытқа бой сергіту үшін ғана қолданғаныңыз абзал. Әрине, әркім өз өміріне өзі қожайын. Алайда бұл тұрғыда бір нәрсені ойда ұстағаныңыз жөн. Сақтансаң сақтаймын демей ме! А.Ермекұлы, «Жаңалықтар қызметі»
Енді осы тақырыпқа қатысты ерек деректерге назар аудара кетейік.
Бүгінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әлем халқының 5 пайызында қазір есту қабілетінен түрлі мәселелерге тап болып отыр екен. Жақын жылдары бұл тізімге 12 мен 35 жас аралығындағы құлаққап киетін адамдардың тең жарымына жуығы енуі мүмкін. Әлемдік статистикаға сәйкес, бұл мәліметтер Қазақстанда 1 млн-ға жуық адамның есту қабілеті нашарлағанын көрсетеді. Әлбетте, бәріне құлаққап кінәлі емес, бірақ, әсері зор дейді мамандар.