Шіліңгір шілденің аптап ыстығында тағамдардың да сақталу мерзімі қысқаратыны анық. Ал дәмханалар мен ас үйдегі түннен қалған тағамды тіпті тұтынуға болмайды. Шомылу маусымы болғандықтан, онда да тазалық талаптарын мықтап ұстанған жөн.
Себебі жұқпалы ішек инфециялары жаз мезгілінде белең алатын ауру. Бұл ретте аталған дерт өткен жылмен салыстырғанда 1788 ге өсікен. Жұқпалы ішек ауруын жұқтырмас үшін нестемек керек? Маман пікірі қандай? Әріптесім Райхан Шәлібекқызы зерттеп қайтқан еді.
Мынадай ми қайнатар ыстық күні көше бойынан қандай да бір тағам түрін сатып алғанда абай болғаныңыз жөн. Ең алды қораптың сыртындағы мерзіміне мән беріңіз. Одан соң дәмін татып көріп, күмән туғызатын иіспен дәм сезілсе ол тағамнан бірден бас тартқаныңыз жөн.
Түсірілім барысында Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына бас сұқтық. Мұнда қазір жұмыс қауырт. Екі бөлімше кезектесіп науқастарды қабылдауға көшкен. Келетіндердің дені емізулі балалар мен жасөспірімдер және жүкті әйелдер.
Сағыныш ҚАБЫЛТАЙҚЫЗЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ /Жұқпалы ішек инфекциясы былтырғымен салыстырғанда аздап өскен. Бізде негізгі себебі белгіленген, себебі белгіленбеген боп бөлінеді. Сол с.б. былтырғымен салыстырғанда 192 ге, себебі белгісізі 140 жағдайға көбірек болып тұр/
Сондай жанның бірі Жанерке Қырықбаева. Жас ана кенеттен қызының қызуы көтеріліп, құсып, әлсірегенін көргенде абдырап қалғаны рас. Ауылы аудан орталығынан шалғай болғандықтан, жедел жәрдемді күтпестен түнделетіп жеңіл көлікпен ауруханаға жеткен.
Жанерке ҚЫРЫҚБАЕВА ЕМ АЛУШЫ /Басында еш мән бермедім, жәй ауырып тұрған болар деп топшылағанмын. Жағдайы тым ушығап бара жатқан соң осында алып келуге тура келді. Бар болғаны кешкісін ет тамақ бергенмін. Мұнда дәрігерлер ішектің салманолезі деген диагноз қойып отыр. Қазір жағдайы жақсы/
Елеусіз ҚАЙНБАЕВ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР /Сальмонеллез,дизентерия дейді, мысалыға сальмоноллез дейтініміз тамақтан кетеді. Жаз айларында қалдық тамақтарды сақтамаған жөн. Мысалы ет тағамдарын. Сол арқылы балалар ауырып қалады. Ал, дизентерия дейміз ол жеміс –жидекті жуып жемегеннен жұғады/
Медициналық деректер бойынша, ішек инфекциясы мен жіті улану аурулары жаз бен күз айларында ушығады. Көп жағдайда жұқпа жұқтырып, дер кезінде дәрігерге қаралмаса, асқынуына жол беретін науқастың жағдайы ауыр болмақ. Сондықтан мамандар жабайы сауда нүктелерінен мерзімі көрсетілмеген тағам түрлерін мүлде алмауды ескертеді.
Нұргүл САПАРБАЕВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ /Тұрғындарға айтарымыз стихинная торговля дейді ғой сондай жерлерде сатылып жатқан сүт, ет өнімдерін көп пайдалана бермеңіздер. Себебі ол қандай жағдайда сақталынып сол жерге әкелінеді оны біз білмейміз. Ертеңгі күні сіздер ауырып қалсаңыздар біз жұқпаны таба алмаймыз/
Тағы бір ескертетін жағдай жұқпалы аурулар қоздырғыштары сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, суда, әсіресе ашық су көздерінде ұзақ сақталады. Сол себепті суға шомыламын деп, ішек инфекциясымен ауырғандардың қарасы қалың. Отбасымен табиғат аясында тынығуға шыққанда, ашық су көздерінде ыдыс-аяқ жуып, болмаса белгісіз су көздерінен су ішпеген жөн.
Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар Терлікбай «Жаңалықтар қызметі»