«QazMed» медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының бірінші сайлау конференциясы өтті. Жиын қалалық көпбейінді аурухананың мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Конференцияға еліміздің кәсіподақ саласының өкілдері мен денсаулық сақтау жүйесінің басшылары қатысты. ҚР Кәсіподақтар федерациясының облыстық орталығының төрағасы, денсаулық сақтау басқармасының басшысы, сондай-ақ республикалық «QazMed» ұйымының жетекшілері мен кеңесшілері арнайы шақырылды.