Сондай-ақ, Меркі ауданы бойынша да №7 және №13 сайлау округтерінде аудандық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орынына сайлау өтті. Меркі, Аспара, Рысқұлов, Ақарал, Сұрат, Қызалсай және Мыңқазан ауылдарында орналасқан сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастап, сайлаушыларды қабылдады.