Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Елордада өткен республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы мұғалімнің құқығын қорғау мәселесіне жеке тоқталды. Оны жіті қадағалау прокуратураға жүктеліп отыр. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қатысты бес басымдықты атады. Мәселен мұғалімдер мен оқушылар жасанды интеллект тілін меңгеруі қажет.