Абай тойы- елдің тойы. Абайдың 180 жылдық тойына шыққан Түркістандық журналистерден құралған делегация жол -жөнекей Әулиеата жеріне ат басын бұрып, ғұламаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Семейге қарай жол тартқан бір топ азаматтарды Қазақстан журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш пен Қазақстанның Құрметті журналисі Балтабек Түйетаев бастап барады.