Жанармай бағасы қымбаттайды. Бірақ бірден емес. Ақырындап көрші елдермен теңестірілмек. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары мәлімдеді. Роман Склярдың сөзінше қазір бензин мен дизель бізде арзан болғандықтан сыртқа көптеп кетіп жатыр. Транзиттік көліктер де жанармайды толтырып әкетеді. Әзірге тапшылық жоқ. Тек авиациялық керосинге деген сұраныстың артуына байланысты, шет елдерден сатып алып жатырмыз.