Қытайлық ірі компания Қазақстанда атом электр станцияларын салуға ат салысуы мүмкін. Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев CNNC компаниясының біздің нарықта өз орнын табатынына сенім білдірді. «Біз кемінде 2-3 атом станциясын салу туралы шешім қабылдадық. Қазір осы маңызды жобаға ірі компанияларды тартуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр,» - деді Президент. Тараптар, Сауда, экономика, мәдениет және басқа да салалардағы ықпалдасу барысын талқылады.