Қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында осылай деді. Президент ұлттың ұйтқысы болған, халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан ассамблея мүшелерінің еңбегін ерекше атады.