Биыл облысқа қарасты теміржол бекеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шу, Түркісіб, Боранды станциялары толығымен жаңарады. Оған 3,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен арнайы жиын өтті.