2000 жылдан аса тарихы бар Тараз жері киелі ескерткіштерге бай. Соның бірі де бірегейі Айша Бибі кесенесі. Бұл нысан ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнеріне жатады.

Махаббат символына айналған тарихы мен тағлымы көп ескерткішті көруге келушілердің саны жыл санап артып келеді.