Нұрманалиева Қымбат Қаржауқызы /1984 жылы 13 қазанда /Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. /1990 жылы/ Өрнек ауылындағы Алғабас орта мектебіне барып, Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы орта мектебін бітірді. /2001-2005 жылы/ Тараз Мемлекеттік Университеті Әлем тілдері факультетінің «Журналистика» бөлімін тәмамдады. 
Еңбек жолын /2006 жылы/ «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында телеарна редакторы болып бастады. Сонымен қатар, радиоредакторы, жауапты шығарушы қызметтерін де атқарды. 2013 жылдың желтоқсанынан бері редактор-жүргізуші қызметіне ауыстырылды. 
«Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасы Н.Мұхамеджанованың «Құрмет Грамотасына», «Қазақстан Журналистер Одағының» және Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Байтелиевтің алғыс хаттарына ие болды. Сондай-ақ, 2016 жылы Тараз қаласының туған күнінде шаһар басшысы Н.Кәлендеровтің «Ұшқыр қалам иесі» номинациясы бойынша арнайы дипломымен марапатталды. 
2018 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасы Е.Кариннің алғыс хатымен марапатталса, осы жылы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен рухани өмірі туралы үздік материал жариялағаны үшін «Үздік теледидарлық сюжет» номинациясы бойынша дипломын иеленді. 
2018 жылы Тараз қалалық мәслихатының «Құрмет грамотасын» алған болатын. 
2019 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 
2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына орай Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың «Құрмет Грамотасы» табыс етілді. 
Тұрмыста, 5 қыздың анасы.