«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аудан ауылдарда кең көлемде жалғасуда. Айта кетерлігі, игі бастама Әулиеата өңірінен шыққан танымал ақын-жазушылардың туындыларымен кеңірек танысуға да сеп болып келеді.
Кезекті рухани іс- шара Сарысу ауданы Бүркітбаев ауылында өтті. Балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Совет Әлімқұловтың шығармашылығы ұрпақ жадында қайта жаңғырды.