Биыл ұлттық валютамыздың айналысқа енгеніне 32 жыл толды. Айта кетсек, Қазақстан Ұлттық банкі - 1992 жылдың 27 тамызы күні ұлы тұлғалардың портреттері бейнеленген теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ал қазақ валютасының дизайнын Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов жасаған. Теңгеміз ең алғаш Ұлыбританияда басылып шыққанын да атап өткен жөн. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.