Биыл еліміздің егемендік алғанына – 34 жыл. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Осы тарихи күннен бастап елдің жаңа дәуірі басталды. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Әлбетте, қадамын жаңа басқан жас мемлекет ол кезде үлкен сынақтарды да бастан өткерді. Экономика әлсіреп, зауыттар тоқтады, жұмыссыздық көбейді. Осындай қиындықтарға төтеп берген еліміз дамудың жаңа дәуіріне қадам басып келеді.