Енді жаңадан салынған құрылыс нысанының кепілдік мерзімі 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Яғни, мердігер компания қазіргідей 2 әрі кетсе, 3 жылдық кепілдікпен құтылмайды. 10 жыл бойы салған нысанның құрылысына жауапты болмақ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жаңа Құрылыс кодексі мақұлданды.