Келер жылы Т. Рысқұлов ауданының 4 ауылына ауыз су кіреді. Атап айтқанда, Қосапан, Тойқұдық, Мамыртөбе, Аққайнар елді мекендері жыл соңына дейін ауыз сумен қамтылады. Жыл басында, аталмыш жұмыстарға 120,4 млн теңгеге қаржы қаралған. Осылайша өңірдің даму жоспарына сәйкес, ауданның 42 елді-мекені 100% ауыз сумен қамтылмақ. Бұл жайында Ернар Есіркепов баспасөз брифингінде мәлім етті.