Әулиеата жерінде әуезді әнде, керемет күйде шырқалып түрлі мазмұнды мәнге ие іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі Ұлыстың ұлы күні ұлттық дәстүрлерді ұлықтау мақсатында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған көңілді кешті айтуға болады.

Иә, кітапхана ұжымы білікті білімгерлерді қонаққа шақырып, ұмыт болған ұлттық ойындарды ойнатып, қазан ошағын жағып ақ дастарханынан дәм алғызды.