«Бүгінгі сайлауға түсіп жатқан үміткерлерге сенемін. Жаңа Қазақстан құру жолында өз таңдауымызды жасауымыз тиіс». №73 сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып дауыс берген Әлия Аптауова осылай дейді. Саяси доданың өз туған күнімен тұспа тұс келуін ол жақсылыққа балайды.