Айтылуы жеткілікті, шешілуі шабан мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Бодандық дәуірде сызылған шеңберден шыға алмай жүргеніміз тағы бар.


Қай жерің ауырса – жаның сол жеріңде деген мақал да біздің тілде айтылған. Қазіргі қоғамның жанды жерінің бірі сол – тіл болып тұр. Сондықтан, президент жолдауында тіл туралы нақты бағыт бағдар айқындалды. Ал, өзекті жәйт кезекті жиында талқыға түсті.