Сайлаудан кейін Сенат депутаттарының орташа жасы өзгеруі мүмкін бе? Бұл сұраққа қатысты жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. Айтуынша, саяси науқанда таңдау жасайтын мәслихат депутаттары. Сондықтан, барлығы солардың шешіміне байланысты болады.