Маңызды мәселелердің бірі, адамдардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету. Бұл мемлекеттің ерекше бақылауына алынған. Қазіргі таңда облыстағы жұмыспен қамтылған халық-503,6 мыңды,ал жұмыссыздар саны -26,6 мың адамды құрайды. Биыл ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адамды тарту жоспарға қойылса, 63350 адам белсенді шараларға тартылып жоспар 132 пайызға орындалған.