Жамбыл облысындағы тұрақтандыру қорына биыл былтырға қарағанда 400 млн теңгеден артық бөлінген. Бұл түсінікті де. Қымбатшылық қос бүйірден қысып, бағаны ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Осы жылы аталған қорға қазынадан қарастырылған 1 млрд. 244 млн теңгенің 837 млн-на азық-түлік сатып алынған.