Тұрар Рысқұлов ауданында тұқым сапасын арттыру бойынша ілкімді жоба іске асырылуда. Ол болашақта дәнді масақ дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, Меркі ауданында бүгніде қант қызылшасын жинау науқаны қызып тұр. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызу жұмыстар осы аудандарға жасалған баспасөз туры барысында таныстырылды.