Өңірде ағымдағы жылдың 8 айында үй жануарларының қатысуымен  12 жол-көлік оқиғасы орын алған. Апат салдарынан 3 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған. Осыны ескерген Меркі полиция бөлімінің қызметкерлері "ҚазАвтоЖол" Ұлттық Компаниясы өкілдерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсат - Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға жақын орналасқан шаруашылық иелерімен жолыққан жауапты мамандар жарық шағылыстырғыш ленталар таратты.