Жамбылдықтарға 15 қазаннан бастап жылу беріледі. Жауапты кезеңге жылу энергетика кешендері дайынбыз деп отыр. Десе де сөз бен нақты істің қабысуы маңызды. Қыстың көзі қырауда қазандықтар сыр беріп, қарашаны сарсаңға салмауы тиіс. 

Облыс әкімі бүгін аудандар мен басқармалардың басшыларына осыны мықтап тапсырды. Ал күні бүгінге дейін күлбілтелеп жүрген жауаптыларға етек-жеңді жиып, тиісті шаруаларды жедел аяқтауды тапсырды.