Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында оң рульдік көліктің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Полиция қызметкерлерінің жеке тасымалдаушылар жасаған бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарына қарамастан, олар жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, жол ережелерін бұзуды жалғастыруда.