Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті. ІІБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ҚАЖД-58 мекемесінің әкімшілік аумағына шар тәріздес 4 дана полиэтиленді пакетке оралған өткір иісті, өсімдік тәрізді, жасыл түсті заттарды лақтырған 1994 жылы туылған, Тараз қаласы, 15 шағын ауданының тұрғынын қолға түсірді.