Нотариустар іс қағаздарының басым бөлігін қазақ тілінде жүргізуге бет бұрды. Бірақ бұл –  жеке тұлғалардың тіл таңдау құқығын шектеу дегенді білдірмейді. Азамат нотариусқа барған кезде өзі қалаған тілде құжат рәсімдеуге құқылы. 

Бұл бастаманы өңірдегі нотариалдық кеңсе қызметкерлерінің өздері қолдап отыр. Тілдерді дамыту басқармасының түсіндірме жұмыстары мен арнайы өткізген семинар сабағынан соң заңгерлердің мемлекеттік тілде мәміле жасауға деген құлшынысы арта түскен.