Жыл сайын облыс орталығында қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша күзгі екі айлық сенбілік жалғасуда. Тараздықтар жаппай сенбілікке шықты. Жалпы қалалық сенбілікке тұрғындар мен барлық әкімшілік қызметкерлер, білім ошақтарының ұжымы қатысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды.