Таразда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерт өтті. Жамбыл облыстық филармониясының қатысуымен ұйымдастырылған өнер кешінде композитордың халық жүрегінен орын алған әндері шырқалды.