1986 жылдың 12-қыркүйегі күні Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барып, 2004 жылы оны бітіріп шыққан.

2004 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінің Халықарарлық қатынастар факультеті, Журналистика бөліміне оқуға түсіп, оны 2008 жылы үздік тәмамдаған. 
2008-2009 жылдары Астана қаласы, Алматы аудандық №1- ші Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының дайын құжаттар бөлімінің инспекторы.
2009-жылдың 17-тамызынан бастап, «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор, редактор- жүргізуші қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары «Тараз» футбол клубының баспасөз хатшысы.
2019-сәуір-маусым айларында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникация қызметінің» басшысы қызметін атқарды. 
2021 жылдың 7 шілдесінен бастап, бүгінгі күнге дейін облыстық "JAMBYL" телеарнасы директорының орынбасары - Бас редактор қызметін атқарады. 
Отбасылы, 4 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр. 

Мемлекеттік және басқа да наградалары: 
ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты – 2019 жыл
ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің Алғыс хаты -2023 жыл
"Аманат" партиясы Төрағасының Алғыс хаты -2023 жыл
Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы – 2018 жыл 
Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы- 2025 жыл
Жамбыл облысы прокурорының Алғыс хаты -2024
Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты – 2020 жыл
«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаты -2015- 2019 ж
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – 2021 жыл
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі – 2024 жыл
Көне Тараз қорының «Еңбегім Еліме» төсбелгісі – 2023 жыл 
Тұрар Рысқұлов ауданына -85 жыл мерекелік медаль- 2024 жыл
«Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медаль – 2025 жыл
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Үшінші және төртінші шақырылған Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 
Ғылым, Білім, Елтаным бағытында жазған жүздеген материалдары республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарияланған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде де мыңдаған танымдық мақалалар жарыққа шыққан.