Жеңістың 80 жылдығына арналған Республикалық «Ардагер өсиеті» марафоны Жамбыл жеріне жетті. Игі бастаманы Жамбыл облысы Шымкент қаласынан қабылдап алды. Ардагерлердің ұлағатты сөздері мен патриоттық ұрандары жазылған ерекше туынды екі күн бойы өңірде сақталып, жас ұрпаққа таныстырылады. Іс-шара жастарға рухани тәрбие беріп, ел тарихына деген құрметті арттыруды мақсат етеді.