Шілденің үшінші жексенбісі — еліміздегі ең еңбекқор, ең батыл жандардың кәсіби мерекесі. Бұл — от пен болаттың арасында шыңдалған, төзімділік пен табандылықты ту еткен металлургтердің күні. Асау жалынның ыстығына төзіп, ауыр еңбектің жүгін көтеріп жүрген әрбір жан — құрметке лайық. Тараз металлургия зауыты — сондай майталмандардың мекені.